Юрий Логвиненко Албанияға қарсы матчта алаңға шыға алады

Юрий Логвиненко Албанияға қарсы матчта алаңға шыға алады

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Юрий Логвиненко Ұлттар лигасы аясында өтетін Албанияға қарсы матчта алаңға шығады, деп жазады Prosports.kz сайты.

Бүгін біраз БАҚ бетінде «Астана» футболшысы ұлттық құрамаға алдағы матчта көмектесе алмайтыны жайлы айтылды. ҚФФ баспасөз қызметінде мәлім еткендей, Юрий Логвиненконың жарақаты аса ауыр емес. Футболшы алдағы матчқа дейін жарақатынан айығады.

Айта кетейік, Черногорияға қарсы матчта Юрий Логвиненко жарақат алып, алаңнан ерте шықты. Албанияға қарсы ойын 15 қараша күні өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или