ҚФФ бас хатшысы: Исламханға көмек қолын созуға әзірміз

ҚФФ бас хатшысы: Исламханға көмек қолын созуға әзірміз

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин футболшы Бауыржан Исламханмен допинг дауы жайлы сөйлескенін айтты.

«Ұлттық құраманың капитаны Бауыржан Исламханмен телефон арқылы сөйлестік. Ол клуб дәрігерінің барлық нұсқаулығын бұлжытпай орындағанын түсіндірді. Сондай-ақ, Бауыржан кез келген тексерістен өтіп, қажет анализдерді тапсыурға дайынан екенін айтты.

Қазақстан футбол федерациясы клубқа жағдайды түсіндіруін сұрап ресми хат жіберді. Барлығы футболшының пайдасына шешіледі деп сенеміз. Федерация өз кезегінде Исламханға қолдау көрсетеді және кез келген жағдайда көмек қолын созуға әзір», – деп жазды ҚФФ бас хатшысы Instagram-парақшасында. 

Бауыржан Исламханмн қыркүйекте Азия чемпиондар лигасы аясында өткен «Әл-Садд» — «Әл-Айн» матчынан кейін тапсырған сынамасынан допинг табылған. AFC оны ресми ойындардан шеттетті. Екінші сынаманың нәтижесі шыққан соң футболшының тағдыры шешіледі.

Айта кетейік, биылғы маусымда Бауыржан Исламхан «Әл-Айн» командасының сапында 4 матчта алаңға шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или