Мейірім Нұрсұлтановтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (13-0, 8 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.
Ақпарат BoxRec сайтында жарияланды.
Нұрсұлтанов 5 желтоқсанда шаршы алаңға шығады. Екатеринбургте өтетін RCC Boxing Promotions турнирі аясында ресейлік Илья Баландинмен (4-3-1, 2 КО) жұдырықтасады.
Орта салмақта өтетін жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Нұрсұлтанов бір жылдан астам уақыт рингке шыққан жоқ. Оның соңғы жекпе-жегі 2019 жылы 2 қарашада Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтті. Ол кезде Мейірім WBC (USNBC) нұсқасы бойынша АҚШ чемпионы аймақтық титулын жеңіп алған болатын.
<h4>Қазақстандық боксшылардың жеңісті сериясы. Инфографика</h4> <h4>Мадияр Әшкеев америкалық боксшымен қолғап түйістіреді</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или