Вайсс Грузия құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
Грузия ұлттық құрамасының бас бапкері Владимир Вайсс қызметініен кететінін мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz.
Словакиялық маман Еуропа чемпионатына жолдама беретін матчта Солтүстік Македония құрамасынан жеңілгеннен кейін (0:1) осындай мәлімдеме жасады.
«Менің жұмысым аяқталды. Грузиялық жанкүйерлерге, ойыншыларға және журналистерге рақмет. Бұл менің өмірімдегі есте қаларлық бес жыл өте жақсы болды», - деді Вайсс.
Айта кетейік, Владимир Вайсс Грузия құрамасын 2016 жылдың наурызынан бастап жаттықтырып келеді. Оның келісімшарты 2020 жылдың соңына дейін жасалған. Ал оған дейін маман 2013-2015 жылдар аралығында «Қайратты» жаттықтырған. Оның жетекшілігімен алматылықтар ҚПЛ-да екі рет күміс және бір рет қола жүлде жеңіп алды. Және екі рет ел кубогында топ жарды.