«Реал» ойыншысы Франция құрамасында ойнаудан бас тартты
«Реал Мадрид» футбол клубының қорғаушысы Ферлан Менди Франция құрамасының қараша айындағы ойындарына қатыспайды, деп жазады Prosports.kz.
Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам Мендиді құрамаға шақырғысы келген. Алайда оған үйреншікті сол қапталда емес, оң қапталда ойнауды ұсынған.
Себебі Франция құрамасының сол қапталында Лукас Эрнандес, Люка Динь секілді ойыншылар бар. Ал оң қапталдағы қорғаушылар Бенжамен Павар жарақат алып қалған.
Бірақ Ферлан бұл ұсыныстан бас тартты. Ол оң қапталда ойнауға ықылас танытқан жоқ. Оның үстіне кішігірім жарақаты болған. Сол үшін Мадридте қалып, Ла лиганың келесі турына дайындалады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или