Михал Билек: Гол соғатын бірнеше мүмкіндігіміз болды

Михал Билек: Гол соғатын бірнеше мүмкіндігіміз болды
Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында Черногориямен өткен жолдастық кездесудің нәтижесі туралы пікір айтты, деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты

«Біз өте жақсы матч өткіздік деп ойлаймын. Тәртіпті, ұйымшыл әрі сапалы ойнадық. Біздің гол соғатын бірнеше мүмкіндігіміз болды. Бірінші тайм өте жақсы өтті. Біздің ойыншылар көп прессинг жасап, допты жиі тартып алып, жылдам шабуылдар жасады. Екінші таймда қарсылас қысым жасай бастады. Бірақ, менің ойыншыларым табандылық танытты. Төрт күннен кейін бізді Албания құрамасымен маңызды матч күтіп тұр. Содан кейін литвалықтармен үйде ойнаймыз. Сондықтан, бүгін кейбір футболшылар ойнаған жоқ», – деді Михаил Билек.

Черногория - Қазақстан арасындағы жолдастық матч 0:0 есебімен аяқталған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или