Тұрсынбай Құлахметтің титулды жекпе-жегін қайдан көруге болады
11 қарашадан 12 қарашаға қараған түні Оңтүстік Киркбиде (Ұлыбритания) MTK Global промоутерлік компаниясы ұйымдастырған бокс кеші өтеді, деп жазады Prosports.kz.
Кештің <span>басты жекпе-жегінде Тұрсынбай Құлахмет (1-0, 1 KO) жергілікті боксшы Маколей Макгоуэнмен (14-0-1, 3 КО) жұдырықтасады. </span>
<span>Бұл кездесуде бірінші орта салмақта WBC International титулы сарапқа салынады. </span>Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегінде-ақ чемпиондық атаққа таласқалы отыр.
Кештің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 00:20-да басталады. Кеш аясында жеті жекпе-жек өтеді деп жоспарланғанын.
Айта кетейік, Тұрсынбай кәсіпқой бокстағы дебютін тамыз айында өткізді. Ол кезде отандасы Сағадат Рахманқұловты (6-2, 4 КО) төртінші раундта жеңген болатын. Ал Маколей соңғы жекпе-жегін бір жыл бұрын, 2019 жылдың тамызында өткізген.
<h4>Билли Джо Сондерс қазақстандық боксшыға сәттілік тіледі. Видео</h4>