«Локомотив» – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы
«Барыс» хоккей клубы ҚХЛ аясында сырт алаңда «Локомотив» командасымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.
Бұл кездесуге қос команда да көтеріңкі көңіл-күйде келіп отыр. «Барыс» алдыңғы үш матчта жеңіске жетті. 8 қарашада «Северстальді» сырт алаңда (3:1) есебімен жеңді. Ал «Локомотив» соңғы екі ойында жеңіске жетті.
«Локомотив» Батыс конференциясында 22 матчта 34 ұпай жинап, турнирлік кестеде 3-орынға жайғасқан.
Ал «Барыс» Шығыс конференциясында 7-орында тұр. Елордалықтар 19 ойында 22 ұпай ғана жинаған. Қазақстандық клуб биылғы маусымда тұрақсыз өнер көрсетіп жүр. Бірде жеңіске жетеді, бірде жеңіліп қалады.
«Локомотив» – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 21:50-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.