«Реал» үздік қорғаушысымен келісімшарт мерзімін ұзартады
«Реал Мадрид» футбол клубы қорғаушы Дани Карвахальмен келісімшарт мерзімін ұзартады, деп жазады Prosports.kz.
Испаниялық басылымдардың хабарлауынша, клуб басшылары Карвахальге тағы екі жылға жарамды келісімшарт ұсынып отыр.
Испания құрамасының ойыншы жаңа келісімшартқа қол қойса, 2024 жылы маусым айының соңына дейін қазіргі командасында өнер көрсетеді.
Айта кетейік, 28 жастағы Карвахаль «Реалдың» өз түлегі. 10 жасынан бастап клубтың академиясында тәлім алған. 2012 жылы бір жыл Германияның «Байерінде» өнер көрсеткен. Содан бері мадридтік клубтың оң қапталдағы ең үздік қорғаушысы саналады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или