Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтеді

Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтеді

Майк Коппинджер орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдамалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің поляк Камил Шереметамен жекпе-жегі қашан өтетінін айтты.

Оның ақпаратына сәйкес, кездесу желтоқсанда өтеді. Ол DAZN спорт стримингтік сервисінде трансляцияланды.

«Геннадий Головкиннің Камил Шереметаға қарсы жекпе-жегі 18 немесе 19 желтоқсанда АҚШ-та өтеді. Стримингтік сервис мұны ұйымдастырға соң GGG 2021 жылдың көктемінде әлдеқайда маңызды кездесулер өткізетін болады», - деп жазды Коппинджер Twitter-де.

Бастапқыда Головкин 2020 жылдың ақпанында оралады деген болжам жасалған еді. Кейін наурыз айына шегерілді. Қазақстандық спортшы жаттығу лагерінде жіліншігін жарақаттап алып, Шереметаға қарсы жекпе-жектің уақытын өзгертті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или