Тұрсынбай Құлахмет жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Тұрсынбай Құлахмет жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (1-0, 1 КО) британиялық Маколей Макгоуэнге (14-0-1, 3 КО) қарсы жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады.

«MTK Fight Night кардында жұдырықтасатыныма қуаныштымын. Британиялық жанкүйерлерге өзімнің кім екенімді көрсете алатын мүмкіндік туды.

Кәсіпқой рингтегі дебютімін елімізде қызығушылық тудырды. Өйткені қарсыласымның деңгейі жоғары еді.

Ұлыбританиядағы көп жігіттерді білемін, бірақ дәл Макгоуэн жайлы хабарым жоқ. Оның жекпе-жектерін қарап, мықты екеніне көзімді жеткіздім», – деді Тұрсынбай Құлахмет.

11 қараша күні Оңтүстік Киркбиде өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегіне Тұрсынбай Құлахмет пен жеңіліс дәмін татып көрмеген жергілікті боксшы Маколей Макгоуан (14-0-1, 3 КО) жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или