«Маған сеніңіздер». Қазақстандық боксшы жанкүйерлерге жазба жариялады

«Маған сеніңіздер». Қазақстандық боксшы жанкүйерлерге жазба жариялады

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (1-0, 1 КО) Англиядағы дебюттік жекпе-жегінің алдында осы елде жаттығуын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

11 қараша күні Оңтүстік Киркбиде өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегіне  Құлахмет пен жеңіліс дәмін татып көрмеген жергілікті боксшы Маколей Макгоуан (14-0-1, 3 КО) жұдырықтасады.

Қазақстандық өзінің Instagram-дағы аккаунтында отандастарына:

<span>Ассалаумағелейкум, ағайын! Англияға да келіп жеттік. Бұйырса келесі апта спорттық мансабымдағы маңызды жекпе-жектердің бірі болмақ. Оған дейін осында бой үйретіп, дайындығымызды жалғастырамыз. Тұманды Альбионда көк туымыз желбірету үшін барымызды саламыз. Осындай кезде өздеріңіздің қолдауларыңыз қажет. "Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан шығады" деген бар. Маған сенім артып, дұға-тілектеріңізді аямаңыздар. Өздеріңізді қуантуға тырысатын боламыз. Бұйырса!", деп жазды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или