ҚПЛ: 17-тур ойындарының тікелей трансляциясы

ҚПЛ: 17-тур ойындарының тікелей трансляциясы

4 қарашада Алматы мен Талғарда футболдан Қазақстан чемпионатының 17-туры аясында үш матч өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Ел чемпионы мерзімінен бұрын анықталды. «Қайрат» араға 16 жыл салып Қазақстан чемпионатында топ жарды<span>. ҚПЛ-дегі ендігі тартыс жүлделі үштік пен жоғарғы лигадағы орнын сақтау қалу мақсатында өтеді. </span>

Нұр-Сұлтан уақытымен 13:00-де Тимур Сегізбаев атындағы академияның алаңында «Оқжетпес» пен қарағандыоық «Шахтер» кездеседі. Көкшетаулық команда үшін әр ұпай алтыннан қымбат. Олар ҚПЛ-да қалу үшін барын салады. Ал қарағандылықтар қазан айында мүлде жеңіске жетпеді. Олар жаңа айды жеңіспен бастауға ниетті.  

Елорда уақытымен 15:00-де Талғарда ақтаулық «Каспий» мен Петропавлдың «Қызыл-Жары» кездеседі. Алдыңғы үш турдағы сенімді ойындарының арқасында солтүстікқазақстандықтар қауіпті аймақтан сәл де болса алыстады. Бірақ бұл келесі маусымда КПЛ-да қалуға кепілдік бермейді. Ал ақтаулық команда төменгі лигаға түсуге жақын тұр. Сол үшін оларға жеңіс ауадай қажет. 

Ал 17:00-де Алматыдағы «Жас Қыран» стадионында «Тараз» - «Астана» матчы өтеді. Елордалықтар күміс медаль үшін күресті жалғастырады. Бүгін жеңіске жетсе, Андрей Тихонов командасына қостанайлық «Тобылдан» озып, екінші орынға шығуға мүмкіндік береді. Бірақ «Тараз» төменгі лигаға түсіп қалмау үшін барын салып жатыр. Демек елордалық командаға жеңіске жету оңай болмайды.

Барлық матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или