Сұлтан Зәуірбектің Англиядағы жекпе-жегі өтпейтін болды
Қазақстандық Сұлтан Зәуірбек (9-0, 7 КО) 11 қарашада Саут-Киркбидегі (Йоркшир, Англия) бокс кеші кезінде рингке шықпайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Зауірбек кәсіпқой рингтегі оныншы жекпе-жегінде жергілікті боксшы Джефф Офоримен (10-3-1, 3 КО) жұдырықтасуды жоспарлаған, бірақ 30 жастағы британдықтың жарақатына байланысты жекпе-жекті өткізбеуге тура келді.
Тағы бір қазақстандық боксшы - Тұрсынбай Құлахметтің (1-0, 1 КО) жекпе-жегі бұл бокс кешінде өтеді. Британдық Маколей <span>Макгоуэнға</span> (14-0-1, 3 КО) қарсы жекпе-жегінде орта салмақтағы бос тұрған WBC International титулы бәске тігіледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или