Алматы қаласының әкімі «Қайратты» құттықтады
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан чемпионы атанған «Қайрат» футбол клубын құттықтады, деп жазады Prosports.kz.
Қала әкімі құттықтау сөзін Twitter желісіндегі жеке парақшасында жазды.
- «Қайрат» ФК командасы мен жаттықтырушылар штабын футболдан Премьер-Лига командалары арасындағы ел чемпионатының бас жүлдесіне ие болуымен құттықтаймын! Көптен күткен бұл жеңіс Алматы үшін мақтаныш! Жеңіске жету бар да, оны сақтап қалу бар. Күш-қуат пен сәттілік серіктерің болсын!, - деп жазды Сағынтаев.
«Қайрат» ФК командасы мен жаттықтырушылар штабын футболдан Премьер-Лига командалары арасындағы ел чемпионатының бас жүлдесіне ие болуымен құттықтаймын! Көптен күткен бұл жеңіс Алматы үшін мақтаныш! Жеңіске жету бар да, оны сақтап қалу бар. Күш-қуат пен сәттілік серіктерің болсын!
— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) November 3, 2020