«Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

<span>«Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін елордада Латвияның «Динамо» (Рига) командасын қабылдайды.</span>
<span>Ойын бүгін елорда уақытымен сағат 19.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бұған дейін 24 мәрте кездесті. Оның 16-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында латвиялық клуб жеңіске жетті. </span>
<span>Екі команда да биыл сәтсіз ойын көрсетіп жүр. «Барыстың» 17 ойыннан кейін 18 ұпайы бар. Турнир кестесінде 19-орында тұр. Ал 16 ойыннан кейін небәрі 7 ұпайды місе тұтқан «Динамо» 23-орынға жайғасқан.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или