«Реал» ойыншысы коронавирус жұқтырды
«Реал Мадрид» футбол клубының қорғаушысы Эдер Милитао коронавирус жұқтырды, деп жазады Prosports.kz.
Мадридтік клубтың баспасөз қызметі, Милитаоға жексенбі күні таңертең жүргізілген COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсеткенін хабарлады.
Бірақ өзге ойыншылар мен жаттықтырушылар құрамы, сондай-ақ олармен тікелей жұмыс жасайтын барлық клуб қызметкерлері тапсырған тест теріс нәтиже көрсетті.
Айта кетейік, Милитао «Реалға» 2019 жылы ауысып келген. Бұған дейін ол «Порту» мен «Сан-Паулу» клубтарында ойнаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или