«Оқжетпес» ойыншысы маусым соңына дейін алаңға шыға алмайды
«Оқжетпес» футбол клубының қорғаушысы Дмитрий Шмидт ауыр жарақат алып қалды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет инстаграм желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.
Оның хабарлауынша, қапталда өнер көрсететін қорғаушы Дмитрий Шмидт жарақатына байланысты, осы маусымның соңына дейін алаңға шыға алмайды.
Айта кетейік, «Оқжетпес» соңғы кездесуде «Таразбен» тең ойнады. Келесі матч 4 қарашада «Шахтерге» қарсы өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или