Атыраудағы бокс кешінің трансляциясы
31 қараша күні Атырауда Suleimen Promotions компаниясының ұйымдастыруымен бокс кеші өтеді, деп жазады Prosports.kz сайты.
Бокс кешін «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады. Бұл күні кәсіпқой боксқа енді қадам басқан жас спортшыларымыз жекпе-жек өткізеді.
Бек Нұрмағанбет пен Евгений Павлов мансабындағы екінші жекпе-жектерін өткізсе, Бекзад Нүрдәулетов, Абылайхан Жүсіпов және Данил Семенов кәсіпқойда дебют жасайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или