Чемпиондыққа бір қадам. «Қайрат» «Астанадан» тағы басым түсті
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 16-турында Алматының «Қайраты» нұрсұлтандық «Астананы» 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Астана» ойыншылары алғашқы таймда ойын тәртібін жиі бұзғанымен есте қалды. Төреші ысқырық шалғанша Эбонг, Барсегян және Томасовтар ескерту алды. Алматылық жігіттер Айымбетовтың соққан голы арқасында алға шықты. Тіпті ойын соңына дейін бұл есеп өзгерген жоқ.
Айта кетелік, оңтүстік астана клубы осы ойыннан кейін, 41 ұпай жинап, қарсыластарынан оқ бойы алда кетті. Ал бір ойыны кем «Астана» 27 ұпаймен екінші орында тұр. Шымкенттік «Ордабасы» өзінің негізгі бәсекелесі, қостанайлық «Тобылды» ойсырата жеңіп, 27 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или