Хоккей

НХЛ-да өнер көрсеткен канадалық шабуылшы «Барысқа» ауысты

НХЛ-да өнер көрсеткен канадалық шабуылшы «Барысқа» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Канадалық шабуылшы Филипп Вароне «Барыс» хоккей клубымен келісімшартқа қол қойды, деп жазады Prosports.kz.

Елордалық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ойыншымен келісімшарт 1 маусымға, 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалды.

29 жастағы шабуылшы НХЛ-де 97 ойынға қатысып, 17 (8+9) ұпай жинаған.

Фил «Филип» Вароне (Phil Varone)
Алаңдағы орны: орталық/қаптал шабуылшысы
Туған жылы, туған жері: 04 желтоқсан 1990 ж., Вон, Онтарио, Канада.
Алғашқы командасы: «Вон Кингс»
Бойы мен салмағы: 178 см, 88 келі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер