Хоккей

ҚХЛ-да өнер көрсеткен шабуылшы «Арланға» ауысты

ҚХЛ-да өнер көрсеткен шабуылшы «Арланға» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Шабуылшы Роман Бердников «Арлан» хоккей клубына ауысты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы көкшетаулық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Бердников - Омбы хоккей мектебінің түлегі. Кәсіби деңгейде ол «Авангард», «Металлург НК», «Северсталь», «Автомобилист», «Торпедо У-К», «Югра», «Неман» сияқты командаларда өнер көрсеткен.

Ол ҚХЛ-да 153 матч өткізіп, 20 ұпай (20+9) жинаған.

Өткен маусымда Роман «Югра» (Ханты-Мансийск) сапында өнер көрсетті. Онда 30 ойынға қатысып, 4 ұпай (2+2) жинады. Сонымен қатар «Неман» (Гродно) сапында 26 ойын өткізіп, 20 ұпай (5+15) жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер