Хабиб Нурмагомедов мансабын аяқтады
Абу-Дабидегі Яс аралында UFC 254 турнирі өтті, деп жазады<span> </span>Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы (70 келі) чемпион Хабиб Нурмагомедов уақытша чемпион Джастин Гэтжимен кездесті.
Бұл жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Ресейлік спортшы қарсыласын өз мәнерінде жеңді.
Осылайша, Хабиб мансабындағы 29-жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол ешқашан жеңіліп көрмеген.
Жекпе-жек аяқталғаннан кейін Нурмагомедов ММА-дағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.
«Сегізбұрышқа алғаш рет әрі соңғы рет әкемсіз шығып тұрмын», - деді Хабиб Нурмагомедов.
Айта кетейік, аталған кеш аясында қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы кездесуін бразилиялық Алекс Оливейраға қарсы өткізіп, бірінші раундта жеңіске жетті.<span> </span>
<h4>Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті</h4> <h4>Тамыз айындағы рейтинг: Қазақстандық файтерлердің көрсеткіші қандай</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или