ММА

Тамыз айындағы рейтинг: Қазақстандық файтерлердің көрсеткіші қандай

Тамыз айындағы рейтинг: Қазақстандық файтерлердің көрсеткіші қандай
news-banner7
mobile-news-top

UNDERDOG спорт агенттігі қазақстандық файтерлердің тамыз айындағы рейтингісін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Сонымен, бірінші орынды бұрынғы FNG чемпионы (56 келіде), Arlan MMA Pro Team командасының өкілі Жалғас Жұмағұлов иеленді. UFC 251 турнирінде өткен соңғы жекпе-жегінен кейін ол Fightmatrix рейтингісінде бір позицияға көтеріліп, 16-шы орынға жайғасты. Ал Tapology рейтингісінде 19-орында тұр.

Тізімде келесі сатыға жартылай орта салмақтағы (77 келі) бұрынғы M-1 Global чемпионы Шавкат Рахмонов жайғасқан. «Номад» Fightmatrix рейтингісінде бір сатыға көтеріліп, Tapology рейтингісінде бір позицияға төмендеді.

Үздік үштікті жеңіл салмақта бұрынғы M-1 Global чемпионы (62 келі), Arlan MMA Pro Team өкілі Сергей Морозов түйіндеді. Су жаңа UFC файтері беделді порталдардың жаңартылған рейтингтерінде төмен сырғыды. Атап айтқанда, Fightmatrix рейтингісінде бір саты төмендеп, 58-орынға жайғасса, Tapology рейтингісінде бірден 29 орын төмендеп, 116-қатарға тұрақтады.

ACA лигасында өнер көрсететін жартылай ауыр салмақтағы Асылжан Бақытжанұлы (11-1) UNDERDOG рейтингісінде, сондай-ақ ACA лигасының рейтингісінде 1 орынға көтерілді. Fightmatrix рейтингісінде екі сатыға жоғарылады (70-орын), ал Tapology рейтингісінде екі саты төмендеді (69).

Айта кету керек, Асылжан Бақытжанұлы 19 қыркүйекте Санкт-Петербургте өтетін ACA 111 турнирінде өнер көрсетеді. Қарсыласы - ресейлік Алексей Буторин. Жеңіске жеткен жағдайда Бақытжанұлы ACA лигасында титулдық жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне ие болады.

ACA лигасында бақ сынайтын жеңіл салмақтағы Артем Резников (21-6) жаңартылған рейтингтерде көрнекті түрде алға жылжыды. Атап айтқанда, Fightmatrix рейтингісінде 2 саты (123-орын), Tapology рейтингісінде 17 саты жоғарылады (172).

Айта кетейік, Артем Резников ACA 111 турнирінде бұрынғы ACB чемпионы Юсуф Раисовпен кездеседі.

Рейтингте айтарлықтай жоғарылаған тағы бір файтер - жартылай орта салмақта (77 келі) бұрынғы FN Global чемпионы Георгий Кичигин (23-6). «Рыцарь» Fightmatrix рейтингісінде 3 орынға төмендеді (52-орын), бірақ Tapology рейтингісінде бірден 30 сатыға көтерілді (196).

Георгий Кичигин 19 қыркүйекте Санкт-Петербургте өтетін ACA 111 турнирінде ACA лигасында алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер