ММА

Резников - Раисов жекпе-жегінің промо-ролигі жарияланды

Резников - Раисов жекпе-жегінің промо-ролигі жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

Underdog.kz спорт агенттігі қазақстандық файтер Артем Резников (21-6) пен бұрынғы ACB чемпионы Юсуф Раисов (16-1) арсындағы жекпе-жектің промо-ролигін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Резников – Раисов жекпе-жегі 19 қыркүйек күні Мәскеуде өтеді. Бұл кездесу АСА 110 турнирінің негізгі жекпе-жектерінің бірі. Жеңіл салмақ дәрежесіндегі (70 келі) жекпе-жек үш раундқа жоспарланған.

Бұл кеште тағы бір қазақстандық үздік файтер Асылжан Бақытжанұлы (11-1) да өнер көрсетеді. Ол жартылай ауыр салмақта чемпиондық титулға үміткер болған Алексей Буторинмен (15-4) кездеседі.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде Марат Балаев пен Магомедрасул Хасбулаев жұдырықтасады. Спортшылар АСА тұжырымының жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы белбеуіне таласады.

Артем Резников – Юсуф Раисов жекпе-жегі кейінге шегерілді

Артем Резников: 19 қыркүйекке де аз қалды

Ресми. Асылжан Бақытжанұлы жекпе-жегінің уақытын білді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер