ММА

Кичигин ACA-дағы алғашқы жекпе-жегін 19 қыркүйекте өткізеді

Кичигин ACA-дағы алғашқы жекпе-жегін 19 қыркүйекте өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Еліміздің ең үздік файтерлерінің бірі, жартылай орта салмақта (77 келі) бұрынғы FN Global чемпионы Георгий Кичигиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды, деп жазады Prosports.kz.

29 жастағы «Рыцарь» (23-6) биыл сәуір айында ACA лигасымен келісімшартқа отырған болатын. Отандасымыз ресейлік промоушен туы астындағы дебюттік жекпе-жегін 19 қыркүйекте өткізеді. Санкт-Петербургте өтетін ACA 111 турнирінде ол компанияның тағы бір дебютанты, тәжікстандық Мамуржон Хамдамовпен (10-1) кездеседі.

Бастапқыда Георгий Кичигин АСА-дағы алғашқы жекпе-жегін осы жылдың шілде айында ACA 107 турнирінде өткізеді деп жоспарланған. Бірақ ол аталған кеште өнер көрсетуден бас тартты. Ал Хамдамовқа келетін болсақ, тәжік файтері тамыз айындағы ACA 108 турнирінде дебютін өткізуі керек еді. Бірақ Мамуржон жарақатына байланысты кездесу өткізе алмады.

Бұл кештің басты жекпе-жегінде тағы бір қазақстандық файтер Артем Резников (21-6) өнер көрсетеді. Ол бұрынғы ACB чемпионы ресейлік Юсуф Раисовпен (16-1) кездеседі.

Айта кетейік, Кичигин соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айындағы RCC 7 турнирі аясында өткізді. Екатеринбургте өткен кеште Георгий бразилиялық Клебер Соузаны екінші раундта жеңген болатын.

Георгий Кичигиннің жеңісті жолы. Видео

Макгрегор MMA-де ең көп табыс тапқан спортшы атанды

Георгий Кичигин: Беслан Исаев, Черси Дудаев және Асламбек Саидовпен төбелескім келеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер