Георгий Кичигин: Беслан Исаев, Черси Дудаев және Асламбек Саидовпен төбелескім келеді
Қазақстандық танымал файтер, «Рать» командасының өкілі, орта салмақ дәрежесі бойынша Fight Nights Global чемпионы Георгий Кичигин АСА лигасымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz. ufcbet.ru сайтына сілтеме жасап.

«Келіссөздер ұзаққа созыла қойған жоқ, әрі кетсе екі апта шығар. Одан кейін өзара түсіністік таныттық. Неліктен шетелдік промоушнмен келісімшарт жасаспадық? Коронавирус кесірінен іске аспады. Тек бір нәрсе айтқым келеді, АСА – Еуропаның үздік ұйымы. Онда тек үздік файтерлер ғана төбелеседі. Олармен айқасып, өзімді көрсеткім келеді!»

Қазірдің өзінде Георгий Кичигиннің Сайгид Алибековпен ауызша келісімге келгені белгілі болды. Алайда сарбаз толыққанды ештеңе айтпады.

«Алибековпен жекпе-жек туралы ештеңе айта алмаймын. Оны лига шешеді. Алибековты бұрыннан білемін. Екеуміз де Fight Nights Global чемпиондары болғанбыз. Тек мен ол ұйымнан жеңіліссіз кеттім, Алибеков болса соңғы кездесуінде Ахмед Алиевтен нокаутпен жеңілді».

Георгий Кичигин АСА ұйымындағы алғашқы жекпе-жегін жай жаттығу ретінде көреді. Оны рейтинг көшбасшылары ғана қызықтырып отыр.
«Дәл қазір мен үш жекпе-жектің болғанын қалаймын: Беслан Исаевпен, Черси Дудаевпен қарымта кездесуге және Асламбек Саидовпен шыққым келеді. Асламбек Саидовты бұрыннан бері бақылап жүрмін, аса мықты, әрі үздік қарсылас болмақ. Екі кездесуімді жеңіспен аяқтасам, осы кездесудің болуын өтінер едім. Тіпті Хирамагомедовпен қарымта жекпе-жек өткізгім келеді, оның командасы да осыны сұрайтын шығар».

Георгий Кичигин спорттық бабын сақтап жүр.

«Карантиннің кесірінен адам аяғы баспайтын тауда дайындалып жүрмін. Толық жаттығуларға карантин уақыты біткен соң оралуды жоспарлап отырмын».