Георгий Кичигин ACA-дағы алғашқы жекпе-жегін 11 шілдеде өткізеді

Георгий Кичигин ACA-дағы алғашқы жекпе-жегін 11 шілдеде өткізеді

Еліміздің ең үздік файтерлерінің бірі, жартылай орта салмақта (77 келі) бұрынғы FN Global чемпионы Георгий Кичигин ACA туы астындағы дебюттік жекпе-жегін қашан өткізетіні анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

29 жастағы «Рыцарь» (23-6) 11 шілдеде Краснодарда өтетін ACA 106 турнирінде өнер көрсетеді. Отандасымыздың қарсыласы жеңіл салмақта (70 келі) бұрынғы FN Global чемпионы, ресейлік спортшы Магомедсайгид Алибеков (10-1) болады.

Айта кетейік, Кичигин соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айындағы RCC 7 турнирі аясында өткізді. Екатеринбургте өткен кеште Георгий бразилиялық Клебер Соузаны екінші раундта жеңген болатын.

Ал Алибековқа келетін болсақ, ресейлік файтер соңғы рет 2018 жылы желтоқсанда АҚШ-та өткен RCC 5 турнирінде октагонға шықты. Ол ACA-мен өткен жылы жазда келісімшартқа отырған. Өткен жылы қазан айында ACA 100 турнирінде өнер көрсетуі керек еді, бірақ белгілі себептермен ол жекпе-жекке қатыса алмады. 

Макгрегор MMA-де ең көп табыс тапқан спортшы атанды

Георгий Кичигин: Беслан Исаев, Черси Дудаев және Асламбек Саидовпен төбелескім келеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или