ММА

UFC. Сергей Морозов Хабиб Нурмагомедовтің інісімен жекпе-жек өткізеді

UFC. Сергей Морозов Хабиб Нурмагомедовтің інісімен жекпе-жек өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Сергей Морозов (16-4) UFC-дегі дебютін 24 қазанда өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Сергей Морозовтың жекпе-жегі UFC 254 алаңында өтеді, оның басты додасында UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов америкалық спортшы Дастин Гэтжимен кездеседі. Турнир Абу-Дабидегі (БАӘ) Сарбаздар аралында өтеді.

Қазақстандық файтер дебютті жекпе-жегінде UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің інісі Умар Нурмагомедовпен жұдырықтасады. Бұл туралы UFC ресми хабарлады.

Бұған дейін қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (13-4) Сергей Морозовпен бірдей турнирге қатыса алады деп хабарланған болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер