ММА

Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Абу-Дабидегі Яс аралында UFC 254 турнирі өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Аталған кеш аясында қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов көпткен күткен UFC-дегі дебюттік кездесуін өткізді. Отандасымыздың қарсыласы бразилиялық Алекс Оливейра болды.

32 жастағы Оливейра өте тәжірибелі және қауіпті спортшы болатын. UFC-де 5 жыл бойы өнер көрсетіп жүрген ол бүгін 19-жекпе-жегіне шықты.

«Сарбаздар аралында» өткен жекпе-жек қазақстандық файтердің жеңісмен аяқталды. Үш раундқа жоспарланған кездесу алғашқы раундта аяқталды. Шавкат қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді.

Осылайша, Шавкат Рахмонов өзінің мансабындағы 13-жекпе-жегінде жеңіске жетіп, американдық промоушен туы астындағы дебютін сәтті өткізді.

Тамыз айындағы рейтинг: Қазақстандық файтерлердің көрсеткіші қандай

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер