Головкиннің келесі жекпе-жегінің жаңа уақыты аталды

Головкиннің келесі жекпе-жегінің жаңа уақыты аталды

<span>IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері, Matchroom Boxing промоутерлік компанияның басшысы Эдди Хирн GGG-дің 2020 жылы жекпе-жегі өтетініне үміт қалмағанын мәлім етті.</span>

<span>Геннадийдің міндетті қарсыласы Польша боксшысы Камил Шеремета болуы тиіс. Бұған дейін жекпе-жек 20 қараша күні өтетіні хабарланған еді. Алайда, Шереметаның жаттықтырушысы Федор Лапин айқас күні кезекті рет ауыстырылатынын мәлімдеді.</span>

<span>Эдди Хирн кездесу осы жылдың соңында немесе келесі жылдың басында өтуі мүмкін екендігін айтуда. </span>

<span>«Ия, Геннадий рингке 2020 жылы қайтып оралуды көздеп отыр деп ойлаймын. DAZN-нан жекпе-жектер кестесін қарастыру керек. DAZN бұл жекпе-жек (Головкин-Шеремета) қомақты ақша төлеп отыр және оның қашан өткізілетінін олар шешеді. Геннадий Головкин 2019 жылдың қазан айынан бері жұдырықтасқан жоқ. Көп уақыт болды. Қазіргі кезде GGG мансабында бастысы – Синко де Майода «Канеломен» үлкен жекпе-жектің өтуін қамтамасыз ету. Сондықтан, егер Геннадий желтоқсан не қаңтар айында жұдырықтасса және Шереметаны таза жеңсе, бірден «Канеломен» үшінші жекпе-жекке өтетініне үміттенеміз. Кез келген боксшы үшін 2020 жылы бірде-бір жекпе-жектің болмауы – үлкен соққы», - деді Хирн SI Boxing-қа берген сұхбатында.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или