Қазақстандық Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінің тікелей трансляциясы
24 қазанда қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (12-0) UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Ол Абу-Дабиде өтетін UFC 254 жарысында бразилиялық Алекс Оливейрамен (22-8-1-2) кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рахмонов пен Оливейраның жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады деп жоспарланған. Тікелей эфирді мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.
UFC-де дебют жасағалы отырған Шавкат Рахмонов өзінің соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың маусымында өткізіп, бірінші раундта бразилиялық файтер Тиаго Ласердоны (28-8-1-1) техникалық нокаутпен жеңді. Алекс Оливейра 2020 жылдың шілдесінде шайқасып, Германияның өкілі Питер Соботтадан (17-7-1) төрешілер шешімінің арқасында басым түсті.
Сондай-ақ, қазақстандық Сергей Морозов (16-4) UFC 254-те өнер көрсетуі керек еді. Алайда қарсыласы Умар Нурмагомедов (12-0) ауырып қалып, жекпе-жек өтпейтін болды.