ММА

Шавкат Рахмонов пен Оливейра көз арбасты. Видео

Шавкат Рахмонов пен Оливейра көз арбасты. Видео
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтерлер Шавкат Рахмонов UFC 254 турнирі алдында көз арбасу рәсімін өткізді.

Айта кетейік, Рахмонов пен Морозов 25 қазанған қараған түні Абу-Дабидегі Яс аралында өтетін UFC 254 турнирінде өнер көрсетеді.

Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы (70 келі) чемпион Хабиб Нурмагомедов (28-0) уақытша чемпион Джастин Гэтжимен (22-2) кездеседі.

Сергей Морозов (62 келі) UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің інісі Умар Нурмагомедов болуы керек еді. Алайда ол жақында ғана емханаға түсіп қалғандықтан, кездесуге қатыса алмайтын болды.

Ал Шавкат Рахмонов (77 келі) бразилиялық Алекс Оливейрамен кездеседі. Рахмонв UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін осы жылдың наурыз айында өткізуі керек еді. Бірақ коронавирусқа байланысты ол турнир өтпей қалды. Ал шілтеде өткен турнирге Шавкат жарақатына байланысты қатыса алмады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер