Серік Мұсәділов кезекті жекпе-жегін қашан өткізеді
Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін «Панда» лақап атымен танымал қазақстандық боксшы Серік Мұсәділов (7-0, 7 КО) кезекті жекпе-жегінен хабардар болды, деп хабарлайды Prosports.kz Boxrec-ке сілтеме жасап.
Мұсәділов 20 қараша күні Флорида штатындағы Майамиде қаласында (АҚШ) мексикалық Даниэль Нахерге (9-5-1, 4 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді. Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған.
Еске сала кетелік, жерлесіміз өзінің жетінші кәсіпқой жекпе-жегін де Майамиде өткізген еді. Сол кездесуде Америка бокс федерациясының нұсқасы бойынша Атлантика чемпионатының титулы бәске тігілген.
26 жастағы былғары қолғап шебері жергілікті спортшы Кент Холландқа (4-6-1, 2 КО) қарсы жекпе-жекті ұзаққа созбай, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или