«Стандард» - «Рейнджерс» матчында Еуропа лигасының рекорды жаңарды

«Стандард» - «Рейнджерс» матчында Еуропа лигасының рекорды жаңарды

Еуропа лигасы топтық кезеңінің бірінші турында бельгиялық «Стандард» пен шотландиялық «Рейнджерс» командасы кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл ойында Стивен Джеррард жаттықтыратын «Рейнджерс» 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетерлігі, матч аяқталар тұста «Рейнджерс» шабуылшысы Кемар Руф керемет гол соқты.

27 жастағы англиялық шабуылшы өз жарты алаңында тұрып қарсылас қақпасын дәл көздеді. Мамандардың есептеуінше, Руф <span>54.6 метр қашықтықтан гол соққан. </span>

Осылайша, бұл гол Еуропа лигасы тарихындағы ең алыс қашықтықтан соғылған гол ретінде тіркелді. 

鲁夫精彩进球

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или