Jetisy FK

«Ордабасы» - «Жетісу»: қарсыластық тарихы

«Ордабасы» - «Жетісу»: қарсыластық тарихы
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан чемпионатының 14-турының «Ордабасы» мен «Жетісу» арасындағы матч қарсаңында Шымкент пен Талдықорған клубтарының жеке кездесулерінің статистикасын еске түсіреміз.

Алдағы матч оңтүстіктіктер мен Жетісулықтар арасындағы қарсыласу тарихындағы 57-ші кездесу болады. Алдыңғы 56-ойынның 23-інде «Орда» басым болды, 17 жағдайда «Жетісу» жеңіс тойлады, 16 рет қарсыластар тең тарқасты.

18 тамызда өткен ағымдағы чемпионаттың бірінші турының кездесуі қызыққа толы болды. Талдықорғандықтар екі голдың басымдылығымен тез алға шықты, бірақ соңында 2:3 есебімен жеңіліп, тең ойынды да сақтай алмады.

Өкінішке орай, «Ордабасыға» қарсы матч алдында Жетісулықтар кадрлық тұрғыдан айтарлықтай шығынға ұшырады. Шымкенттіктермен ойында «Жетісудың» төрт негізгі ойыншысы - Мирам Сапанов, Аслан Дарабаев, Олжас Керімжанов және Давид Мавутор қатардан шығып қалды, барлығы дисквалификацияға байланысты кездесуді жібереді.

Барлық қиындықтарға қарамастан, біз командаға сенеміз! Алға, «Жетісу»!

«Жетісудың» «Қайратқа» қарсы құрамы

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
0
Пікірлер