Бокс

Лопес Ломаченконы жеңіп, жеңіл салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды

Лопес Ломаченконы жеңіп, жеңіл салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) жеңіл салмақтағы украиналық Василий Ломаченко (14-1, 10 КО) мен америкалық Теофимо Лопес (15-0, 12 КО) арасында жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші раундтан бастап Лопес басымдылықты өз қолына алды. Бесінші раундтың басындағы көрсеткіш бойынша, Лопес қарсыласынан жалпы соққы санынан бес есе, дәл соққыдан үш есе басымдылыққа ие болды (35:13).

Жекпе-жекті өз пайдасына айналдыру үшін украиналық боксшы кездесу соңына қарай белсенділік танытты. Бірақ оның бұл талпынысы жеткіліксіз болды.

23 жастағы америкалықтың алғашқы раундтардағы артықшылығы оған бұл жекпе-жекте жеңіс әкелді. Осылайша ол, жеңіл салмақта әлемнің абсолютты чемпионы атанды. Үш төреші де Лопесті жеңімпаз депп таныды - 116:112, 119:109, 117:111.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер