Хоккей

«Барыс» қорғаушысы жарақат алып қалды

«Барыс» қорғаушысы жарақат алып қалды
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» хоккей клубының қорғаушысы Алексей Маклюков жарақат алып қалды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы елордалық команда ресми сайтында хабарлады.

Ойыншы ҚХЛ-дің ресми сайтындағы жарақат алған ойыншылар тізіміне қосылды. Биылғы маусымда 27 жастағы ойыншы 8 матчқа қатысып, 2 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, елордалық команда қазіргі сәтте 10 ойында 11 ұпай жинап, Шығыс конференцияның турнирлік кестесінде 9-орында тұр. «Барыс» келесі кездесуін 18 қыркүйекте өз алаңында ригалық «Динамоға» қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер