Командалық

Волейболдан Қазақстан Кубогы мен Суперкубогы қашан өтеді

Волейболдан Қазақстан Кубогы мен Суперкубогы қашан өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Волейболдан Қазақстан Кубогы мен Суперкубогының өтетін уақыты мен орны белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Қазақстан волейбол федерациясы хабарлады.

Әйелдер арасындағы ел кубогының финалы 22-30 қазан аралығында Тараз қаласында өтеді. Ал ерлер арасындағы жарыстың финалы дәл осы күндері Өскеменде өтеді.

30 қазан мен 1 қараша аралығында Таразда әйелдер арасындағы Суперкубок матчтары өтеді. Ал ерлер Өскеменде Суперкубоктың жеңімпазын анықтайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер