ММА

UFC Fight Island 5: Басты жекпе-жекте Сэндхаген Мораесті нокаутқа түсірді

UFC Fight Island 5: Басты жекпе-жекте Сэндхаген Мораесті нокаутқа түсірді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Абу-Дабиде UFC Fight Island 5 турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Америкалық Кори Сэндхаген мен бразилиялық Марлон Мораес жекпе-жек аралында жарыстың басты шайқасында кездесті. Екінші раундта Кори қарсыласын басынан теуіп құлатты. Төреші дереу жекпе-жекті тоқтатып, Сэндхагеннің жеңісін тіркеді.

Сэндхаген өзінің 13-ші жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар, 2 мәрте ұтылған. Мораес 31 шайқастың 7-еуінде сәтсіздікке ұшырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер