ММА

Артем Резников пен Магомед Исмаилов жекпе-жекке шығуға келісті

Артем Резников пен Магомед Исмаилов жекпе-жекке шығуға келісті
news-banner7
mobile-news-top

Ресейдің үздік жауынгері Магомед Исмаилов 30 қыркүйекте өзінің Instagram парақшасында тікелей эфир өткізді. Қазақстандық үздік жекпе-жек шебері Артем Резников (22-6) Исмаиловтың тікелей эфиріне қонақ ретінде қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірлескен трансляция кезінде файтерлер ресейлік ACA лигасындағы ықтимал жекпе-жекке келісті. Исмаилов пен Резниковтың айтуынша, олар 83 келіге дейінгі орта салмақта жұдырықтасқысы келеді.

Сонымен қатар, Магомед Исмаиловтың менеджері Азамат Бостанов Рсйд грэпплингтен Гран-при өткізуді жоспарлап отырғанын айтып, Артем Резниковты қатысушылардың бірі ретінде шақырды. Гран-при жеңімпазы 1 миллион рубль сыйақы алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер