ММА

Fight Nights Global 98. Акбар Таиров ресейлік файтерден жеңіліс тапты

Fight Nights Global 98. Акбар Таиров ресейлік файтерден жеңіліс тапты
news-banner7
mobile-news-top

Мәскеуде аралас жекпе-жектен Fight Nights Global 98 турнир өтіп жатыр. Қазақстандық файтер Акбар Таиров ресейлік Сұлтан Муртузалиевтен жеңіліс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.

91 келі салмақта октагонға шыққан Акбар Таиров бірінші раундта-ақ Сұлтан Муртузалиевке жол берді. Ресейлік спортшы Қазақстан өкілін тұншықтырып тастады.

Еске сала кетейік, бұған дейін тағы бір қазақстандық файтер Арман Сапаров (3-2) өз жекпе-жегінде жеңіліп қалған болатын. Ол ресейлік Магомедшапи Гасайниевке есе жіберді (3-0).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер