Jetisy FK

«Шахтерге» қарсы керемет камбэк - 13 минут ішінде 0:2-ден 3:2-ге дейін

«Шахтерге» қарсы керемет камбэк - 13 минут ішінде 0:2-ден 3:2-ге дейін
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Премьер-лигасының 10-туры, «Жетісу» - «Шахтер» матчында талдықорғандықтар 3:2 есебімен өте жігерлі жеңіске жетті.

Алматыдағы Тимур Сегізбаев академиясының табиғи алаңында өткен кездесудің басы «Жетісу» үшін сәтсіз болды. «Шахтер» керісінше белсенділік таңытып бірінші таймның ортасында алға шықты, есесіне - үзіліске 0:1.

Кездесудің екінші жартысы басталғанда қарағандылықтар өз басымдықтарын еселеген кезде, «Жетісудың» үш матчтық жеңіс сериясы аяқталған сияқты көрінді.

Алайда, біздің жігіттер мойымады. Матчтың басты кейіпкерлері ретінде Дмитрий Огай мен Айбар Жақсылықовты атауға болады. Талдықорғандық бапкер алмастыруды дер кезінде жасап, 23 жастағы шабуылшы алдымен бір голды қайтарды, содан кейін «Шахтердің» қақпашысы Давид Юрченконың қателігінен кейін есепті теңестірді.

Қарағандылықтар қалпына келе алмай жатқан кезде, олардың қақпасына үшінші доп еңді.
Талдықорғандықтарға камбэк жасау үшін 13 минут қана қажет болды, ал екінші гол мен үшінші гол арасында бір минутта өткен жоқ.

Бұл жеңіс біраз уақытқа болса да «Жетісуды» чемпиондық турнир кестесінде екінші орынға көтерді.

«Жетісу» - «Шахтер»: қарсыластық тарихы

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
0
Пікірлер