Бокс

Талдықорғандық жас боксшылар арнайы дайындыққа көшкен

Талдықорғандық жас боксшылар арнайы дайындыққа көшкен
news-banner7
mobile-news-top

Талдықорғандық балғын боксшылар спорт залдағы дайындығын бастады. Былғары қолғап шеберлері қараша-желтоқсан айларына жоспарланған Алматы облысының және республикалық турнирлерге қатыспақ, деп жазады Prosports.kz тілшісі.

Талдықорғандағы «Жекпе-жек» мамандандырылған балалармен жасөспірімдер спорт мектебінің боксшылары жабық кешенде дайындалып жатыр. Олардың дені 12-13 жастағы былғары қолғап шеберлерінен құралған. Қазір бабына келіп қалды, дейді бапкерлер. Жас боксшылар алда өтетін өңірлік турнирлерде 20-ға жуық медальді олжалуды көздеп отыр.

Ерлан Манашбаев

Ерлан Манашбаев

ЕРЛАН МАНАШБАЕВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

«Алдымыздағы турнирлерге дәл қазір 8 оқушымыз дайын. Жарыс болар уақытта қалғаны бабына келер деп ойлаймын. Олардың 7-еуі бірінші орын, 3 екінші орын және 4-5 қола жүлдегер атанады деген үміттеміз».

Балғын бокстышлар бапкерінің айтқанын мұқият тыңдап, көрсеткен әдістерін сауатты орындауға тырысады. Барлығының мақсаты - әлем чемпионы атанып, еліміздің көк туын биікте желбірету. Асқақ арманының шыңына шығу үшін жас боксшылар спорт залда тынымсыз дайындалып, жаттығудан қалмауға тырысады.

МАРАТ ОРАЗБЕК, БОКСШЫ:

«Боксқа қатысып жүргеніме 1 жыл болды. Қыста екі турнирге қатыстым. Екеуінде де бірінші орын алдым. Өзім 36 кг. салмақта бокстесемін. Болашақтағы арманым - Олимпиада чемпионы болу. Осы арманыма жету үшін тынбай жаттығу залында тер төгем. Ұстазымның айтқанын екі етпеуге тырысам».

Былғары қолғап шеберлері мұнда тегін дайындалады. Айта кетейік, бапкерлер боксшы боламын деген жасөспірімге есігіміз әрдайым ашық, дейді.Сондықтан, боксқа қызыққан өрендерге «Жастар» спорт сарайына келіп, ұсыныс білдерсе болғаны.

Қуаныш Нұрмұқанов

Қуаныш Нұрмұқанов

ҚУАНЫШ НҰРМҰҚАНОВ, БОКСТАН ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

«Боксшылар жаз бойы жалпы дене дайындығын онлайн режимінде үйлерінде оқшауланып өткізді. Сонымен қатар далада шағын топтарға бөлініп, жиналып жаттықты. Осының арқасында оқушыларымыз физикалық дайындығы жағынан 70-80 пайызға дайын. Сондықтан қазір біз техникалық шеберлікті арттыруға жұмыс жасап жатырмыз».

Ал, 15-16 жастағы боксшылер өңірлік сайыста командалық есепте жүлдегер атануды көздейді. Оған атлеттердің толық мүмкіндігі бар,- дейді жаттықтырушылар. Өйткені, шәкірттері 4 айға созылған карантин уақытында оқшауланса да үйде бос жатпады. Үнемі шеберлігін шыңдап, бабын жоғалтпаған көрінеді. Айта кетейік, 15-16 жастағы боксшылар арасындағы өңір біріншілігі қазан айының аяғына жоспарланып отыр. Артынша жергілікті былғары қолғап шеберлері Қазақстанның аймақтық чемпионатында өнер көрсететін болады. Бапкерлер 5 спортшыға ерекше үміт артып отыр. Олар бұған дейін де республикалық додада топ жарып, өз салмақ дәрежелерінде мықты екендігін дәлелдеп келген.

ҚУАНЫШ НҰРМҰҚАНОВ, БОКСТАН ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

«Жеңіл салмақта Жапар Ерболат, орта салмақта Нұрман Әлихан, ауыр салмақта Кәкімсейітов Жасұлан деген балалар бар. Тұрсұнғали Дулат пен Қырғызбай Еркебұлан да бабына келіп қалды. Алдағы жарыстарда бұл спортшылар үмітімізді ақтайтына сенем».

Былғары қолғап шеберлерінің алғашқы жарыстары Алматы облысының чемпионаты. Одан соң республикалық турнирлерге қатысып, жүлдегер болуды мақсат етіп отыр. Барлығының арманы жыл аяғына жоспарланған Қазақстан біріншілігінде топ жару.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер