Қанат Ислам күзде жекпе-жек өткізеді

Қанат Ислам күзде жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) қашан шаршы алаңға оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

BoxRec хабарлағандай, Олимпиада ойындарының, Азия және Әлем чемпионаттарының жүлдегері болған Қанат Ислам 16 қазан күні шаршы алаңға шығады. Бокс кеші АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өтеді. Әзірге қарсыласының есімі белгісіз.

Екі жыл бойы рингке шықпаған Қанат Ислам, 2019 жылы ол екі жекпе-жек өткізді: біріншісінде ол доминикандық Хулио Де Хесусты сөзсіз ұтса, екіншісінде африкалық Уолтер Каутондокваны даулы шешіммен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или