«Оқжетпестің» бұрынғы ойыншысы өзіне жаңа команда тапты
«Оқжетпес» футбол клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Виталий Гошкодери мансабын «Металлист 1925» командасында жалғастырады, деп жазады Prosports.kz.
Естеріңізге сала кетейік, Гошкодеридің соңғы клубы «Олимпик» (Донецк) болды. Сондай-ақ, 32 жастағы ойыншы «Черноморец», «Волынь», «Кривбасс», «Нефтяник» және Қазақстанның «Оқжетпес» командаларында ойнады.
2017 жылы ҚПЛ-да ол 14 матч өткізді. Ал 2018 жылы Бірінші лигада 31 ойынға қатысып, көкшетаулық команданың Премьер лигаға орауына көмектесті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или