Жетісулықтар «Қызыл-Жарға» қарсы ойынға жаңартылған автобуста келді
«Жетісу» мен «Қызыл-Жар СК» командалары арасындағы футболдан Қазақстан чемпионатының 6-тур матчы басталуыңа аз ғана уақыт қалды.
Талдықорған клубының бас бапкері Дмитрий Огай ойынға келесі құрамды таңдады.
</picture>Петропавлдықтармен ойынға талдықорғандық клуб жаңартылған автобуспен келді. Бірақ, «Жетісудің» құрамы шабуылға бейімделгенің ескере отырып, бүгін автобус «Қызыл-Жар» айып алаңының жанында тұрақталады деп ойлауға батылымыз бар.
Қатарынан екі жеңілістен кейін бүгін бізге тек жеңіс керек!
Естеріңізге сала кетейік,<span> футболдан Қазақстан чемпионатының 6-турының «Жетісу» - «Қызыл-Жар СК» матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталады.</span>
«Жетісу» - «Қызыл-Жар СК»: қарсыластық тарихы
«Жетісудың» екі ойыншысы ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне енді