«Челсидің» бірнеше ойыншысы коронавирус жұқтырды
Лондондық «Челсиінің» кем дегенде төрт футболшысы коронавирус жұқтырды, деп жазады Prosports.kz.
Тест оң нәтиже көрсеткен ойыншылар оқшауланды.
The Sun басылымының хабарлауынша, «Челсиінің» ойыншылары Мейсон Маунт, Тэмми Абрахам, Кристиан Пулишич және Фикайо Томори карантинде. Бұл ойыншылар Миконос аралында демалып жатқан.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, клубта аталған ойыншылардан басқа да коронавирус жұқтырғандар бар.
Айта кетейік, Англия Премьер-лиганың жаңа маусымы қыркүйек айында басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или