Зайнутдинов бұрынғы клубы мен жанкүйерлерге алғыс айтты
Мәскеулік ЦСКА ойыншысы Бактиер Зайнутдинов Instagram-да өзінің бұрынғы клубы «Ростов» пен оның жанкүйерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Құрметті жанкүйерлер! Керемет қолдау көрсеткендеріңіз үшін көп рахмет айтқым келеді! Екі жылға жуық уақытты «Ростовта» өткізгеніме қуаныштымын!
Маған сенген жандардың барлығына рақмет. Басшылыққа, бас бапкерге, медициналық қызметкерлерге, ойыншыларға, әкімшілік пен базалық құрамға рақмет. «Ростов» мен үшін отбасы болды, мен өзімді үйде жүргендей сезіндім және шынымен бақытты болдым.
Футбол өмірі кейде қоштасуға тура келетін етіп құрылған. Мен қоштаспаймын, тек көріскенше деймін - өйткені «Ростов» менің жүрегімде мәңгі қалады!»- деп жазды Зайнутдинов.
Бактиер Зайнутдинов ЦСКА сапына ауысты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или