русский язык

«Тобыл» - «Астана» матчының тікелей трансляциясы

«Тобыл» - «Астана» матчының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

19 тамызда Қазақстан чемпионатының 4-туры аясында бір матч өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Елорда уақытымен 18:00-де қостанайлық ​​«Тобыл» мен елордалық «Астана» Алматыда кездеседі.

«Тобыл» ел чемпионатында төрт матч өткізді. Оның ішінде бір мәрте жеңіліп («Қайрат» 1:3), бір мәрте тең ойнады («Жетісу» 0:0). Ал қалған екі ойында жеңіске жетті («Каспий» 2:0, «Шахтер» 3:1). Қостанайлықтар 7 ұпаймен турнирлік кестеде 6-орында тұр.

«Астана» да 4 матч өткізді. «Ордабасыға» қарсы кездесуде ғана ұпай жоғалтты (1:1), ал қалған үш ойында жеңіске жетті («Оқжетпес» 2:0, «Каспий» 3:2 және «Қызыл Жар» 4:0). Елордалықтар 9 ұпаймен турнирлік кестеде екінші орынға жайғасқан.

«Тобыл» - «Астана» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 17:50-де басталады. Ойынды QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;